Кентау қаласында қоқыс контейнерінен жаңа туған нәрестенің мәйіті табылды

Барлық мән-жайларды анықтау мақсатында қажетті тергеу әрекеттері жалғасуда. 

Түркістан облысы Кентау қаласында жаңа туған нәрестенің мәйіті табылуына байланысты қылмыстық іс қозғалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Облыстық ПД мәліметінше, қазіргі уақытта баланың анасын анықтауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде.

Полиция қызметкерлері аулааралық аумақтарды аралап, бейнебақылау камераларының жазбаларын зерделеуде, сондай-ақ жақын орналасқан үйлердің тұрғындарымен және ықтимал куәгерлермен сұхбат жүргізуде. 

Бұдан бөлек, медициналық мекемелер де кешенді түрде тексерілуде.

– Барлық мән-жайларды анықтау мақсатында қажетті тергеу әрекеттері жалғасуда. Тергеу нәтижелері бойынша заңға сәйкес тиісті шешім қабылданатын болады. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне қатысты өзге ақпарат жария етуге жатпайды, – деп мәлімдеді Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі.