«Қақпашы Анарбеков алты сейв жасады»: алматылық «Қайрат» тағы да жеңіліп қалды

Қазақстан мен Грецияның командалары арасындағы кездесу Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі алтыншы тур ойыны «Астана Аренада» өтті.

Алматылық «Қайрат» 0:1 есебімен грекиялық «Олимпиакостан» жеңіліп қалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Қазақстан мен Грецияның командалары арасындағы кездесу Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі алтыншы тур ойыны «Астана Аренада» өтті. Қонақтар 1:0 есебімен жеңіске жетті.

Ойындағы жалғыз голды 73-минутта португалиялық шабуылшы Желсон Мартинш салды. Қазақстан құрамасының қақпашысы Темірлан Анарбеков матч барысында алты бірдей сейв жасады.

Кездесу бойы алаң иелері қарсылас қақпасына небәрі бір рет қана дәл соққы бағыттай алған. Оның өзі қосымша уақытта тіркелді.

Айта кеткен дұрыс, осы матчта гол салады-ау деп сенген үмітіміздің бірі Дастан Сәтпаев еді. Бірақ ол алдыңғы ойындарда сары қағаз алуына байланысты бұл матчқа қатыса алмады. Ойын аяқталғаннан кейін көпшілік аталмыш матчты тамашалағанын айтып, тек қана қақпашы Темірлан Анарбековты мақтап жатыр. Ал басқа ойыншыларға көңілі толмаған сыңайлы.