Қыс мезгілінде қандай қауіпсіздік шараларын сақтаған дұрыс?

Астанада жол қозғалысына шектеу туралы хабарлама жарияланды.

9 желтоқсанда сағат 20:00 бастап ауа райының нашарлауына байланысты (температура -30°С дейін төмендеуі) Астана қаласынан барлық бағыттар бойынша дизельдік және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу енгізілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Сіздің қауіпсіздігіңіз үшін келесі ережелерді сақтауыңызды сұраймыз:

Қыс мезгілінде сақтық шараларын сақтау керек. Дауылды ескертулерді қадағалау және ауа райы нашарлаған жағдайда сапарлардан аулақ болу маңызды.

1. Жеке көлікпен жолға шықпаңыз. Егер қажет болса, қоғамдық көлікті пайдаланыңыз және маршрутыңызды алдын ала жоспарлаңыз.

2. Көшеде абай болыңыз. Боран мен жел көруді қиындатуы мүмкін, жолдар тайғақ болады. Жылы киім, тайғақтан қорғайтын аяқкиім киіңіз.

3. Жылыту жүйесін тексеріңіз. Үйіңізде жылыту дұрыс жұмыс істейтініне және отын жеткілікті екеніне көз жеткізіңіз.

4. Көшеде ұзақ тұрмаңыз. Аяз бен жел үсік шалуға себеп болуы мүмкін.

Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз! 

Төтенше жағдайлар кезінде 101 немесе 112 нөмірлеріне қоңырау шалыңыз, – делінген Төтенше жағдайлар министрлігінің арнайы хабарламасында.