Қайғылы жағдай 8 желтоқсан күні таңертең Атырау қаласы маңындағы «Байтақ-2» шағынауданында болған. Қоғамдық көлік жүргізушісі алты жастағы баланы қағып кеткен. Алған жарақаттарының салдарынан бала оқиға орнында көз жұмды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Атырау облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, көлікті 58 жастағы жүргізуші тізгіндеген.
«Қазіргі уақытта жүргізуші ұсталды, қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты басқа ақпарат жариялауға жатпайды», – деп нақтылады Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Мейірім Ердәулет.
Баян Жанұзақова, АТЫРАУ ОБЛЫСЫ
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.