Абылайхан Жүсіпов әлем чемпионатының жартылай финалына шықты

Отандасымыз (71кг) әзербайжандық Сархан Алиевті 5:0 есебімен жеңді.

Дубайда бокстан IBA ұйымдастырып жатқан әлем біріншілігі өтіп жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Бүгін шаршы алаңға шыққан Абылайхан Жүсіпов жартылай финалға жолдама алды.

Отандасымыз (71кг) әзербайжандық Сархан Алиевті 5:0 есебімен жеңді.

Айта кетейік, 67 кг салмақта өнер көрсететін отандасымыз Санатәлі Төлтаев ширек финалда Олимпиада чемпионы өзбекстандық Асадхужа Муйдинхужаевқа (1:4) есе жіберді.

Сабыржан Аққалықов әлем чемпионатының ширек финалында Мирослава Капулер-Ищенконы (Израиль) мерзімінен бұрын жеңді. Осылайша жартылай финалға жолдама алды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.