Құтқарушылар жоғалған малшыны тапты

Кеше Жетісу облысы Қарашоқы ауданында іздестіру-құтқару операциясы жүргізілді.

Белгілі болғандай, ер адам жылқымен мал бағуға шығып белгіленген уақытқа қайтып келмеген, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Оқиға орнына ТЖМ құтқарушылары мен ПД қызметкерлері шыққан. Іздестіру жұмыстарына қараңғы мезгіл мен суық, ұзақ далалық учаскелер кедергі келтірген.

Таңертең іздестіру тобы Қарашоқы ауылынан 12 шақырым жерде ер адамды тауып алды. Ол бағыттан адасып кеткен. Оған медициналық көмек қажет болған жоқ.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.