Зейнетақы қаражатын пластикалық отаға жұмсауға тыйым салынды

Бұған соңғы айларда мұндай өтініштердің күрт көбеюі себеп болған.

«Отбасы банк» енді зейнетақы жинағының артық сомасын пластикалық операцияларға, соның ішінде реконструктивті және қалпына келтіру оталарына қолдануға рұқсат бермейді, – деп хабарлайды Aikyn.kz Еуразия Бірінші арнасына сілтеме жасап. 

Қараша айында банк 3 878 өтініш қабылдаса, желтоқсанның алғашқы күндерінде-ақ олардың саны 2 093-ке жеткен. Жалпы өтініштердің желтоқсан айындағы құны 1,8 млрд теңгені құрады.

Банк 12 желтоқсанға дейін түскен 6 294 өтінішті толық қарайды.

Зейнетақы артықшылығын тек қымбат емдеуге немесе тұрғын үй жағдайын жақсартуға пайдалану мүмкіндігі сақталады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.