Әлеуметтік желілерде бірнеше бейнеден үзінділер таратылып жүр, олардың экрандағы сипаттамалары шындыққа жанаспайды.
«Шындығында, келесі фактілер орын алды: бірінші жағдайда – Гоголь мен Мұратбаев көшелерінің қиылысында жаяу жүргіншіні басып кетті. Әйелді троллейбус қағып кетті, ол дене жарақаттарын алды, іс бойынша тергеу басталды, сараптама тағайындалды. Екінші эпизодта –102 нөміріне мас адам жолдың бойында жатқандығы туралы қоңырау келіп түсті. Учаскелік инспектор ақпаратты растады, ер адамға алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Үшінші жағдайда – автобустардың бірінің жолаушысының жағдайы күрт нашарлады (эпилепсиялық талу), оны көшеге шығарып, жедел жәрдем шақырылды. Сондықтан, қалада адамдар көптеп есінен танып жатыр деген ақпарат жалған болып табылады», — деді Алматы қаласының ПД-де.Сонымен бірге, полиция біле тұра жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік туралы еске салып, төтенше жағдай кезінде бұл әрекеттер үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге шектеуге немесе бас бостандығынан айыруға әкеп соқтыратынын көрсетті.
«Біз азаматтарды жалған, расталмаған ақпаратты шындық ретінде бере отырып, қоғамдағы негізсіз дүрбелеңдерден аулақ болуға шақырамыз. Бұл қылмыс және сол үшін жазаға тартылады. Әдетте, ақпарат көзі белгілі емес ақпаратқа үлкен күмәнмен қарау керек. Біз оны қайталамауларыңызды сұраймыз», — деп қорытындылады полицияда.