Қарағанды облысында жалдамалы пәтерден екі адамның мәйіті табылды

15 және 18 жастағы екі жігіттің денесінде зорлық–зомбылық белгілері жоқ.

Қарағанды облысындағы жалдамалы пәтерлердің бірінен екі адамның мәйіті табылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Полицияның мәліметінше, 15 және 18 жастағы екі жігіттің денесінде зорлық–зомбылық белгілері жоқ. Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Жағдайды Полиция департаменті қатаң бақылауға алған.

«Қазіргі уақытта полиция оқиғаның барлық себептері мен мән-жайын анықтау үшін кешенді тергеу әрекеттерін жүргізіп жатыр. Тексеру нәтижелері мен тергеу амалдарының қорытындысы бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес, тиісті процессуалдық шешім қабылданады. Тергеу мүддесіне орай қосымша ақпарат жарияланбайды», – деді Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияров.