Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Швейцария Конфедерациясының Президенті болып сайлануына орай Ги Пармеланды құттықтады

Құттықтауда Ги Пармеланның көшбасшылық қа­сиеті мен еліне қалтқысыз қызмет еткенінің арқа­сын­­да жоғары сенімге ие болып, осынау биік лауа­зымға қайта сайланғаны жазылған.

Мемлекет басшысы Президенттің жаңа мерзімінде халықаралық қатынастарда маңызды рөл атқаратын Швейцария дамудың даңғыл жолын жалғастыра беретініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ги Пармеланның жауапты мем­лекеттік қызметіне табыс, ал Швейцария хал­қы­на бақ-береке тіледі.