Норвегиядағы әлем кубогы: Надежда Морозова конькимен жүгіруден күміс жүлдегер атанды

Спортшы 1500 метр қашықтықта мәреге екінші болып жетті. Морозова бұл қашықтықты 1:54.98 уақыт көрсеткішімен еңсерді.

Қазақстан құрамасының конькимен жүгіру спортындағы өкілі Надежда Морозова Норвегияның Хамар қаласында өткен әлем кубогы кезеңінде күміс жүлдегер атанды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Спортшы 1500 метр қашықтықта мәреге екінші болып жетті. Морозова бұл қашықтықты 1:54.98 уақыт көрсеткішімен еңсерді.

Бірінші орынды жапониялық Михо Такаги иеленді - 1:54.95. Қола жүлде норвегиялық Рагне Виклундқа бұйырды - 1:55.18.

Осы бағдарлама түрінде Қазақстан атынан сынға түскен Елизавета Голубева сегізінші нәтиже көрсетті - 1:56.84.