«Қатты сигнал беріп, адамды шошытады»: танымал әнші Бүркіт ренішін айтты

Әншінің айтуынша, соңғы уақытта қоғамда ашушаңдық пен шыдамсыздық көбейіп кеткен.

Танымал әнші Бүркіт адамдардың мінез-құлқындағы өзгерістерге алаңдайтынын жеткізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты. 

Әншінің айтуынша, соңғы уақытта қоғамда ашушаңдық пен шыдамсыздық көбейіп кеткен.

Оның сөзінше, адамдар бір-біріне деген құрметті жоғалта бастаған. Ол тіпті қарапайым тұрмыстық жағдайлардың өзінде сабыр сақтай алмайтындар көбейгенін мысал етті.

«Қазір көлігінді тұраққа қойып жатқанын өзіңде, 10-15 секунд күте алмай, қатты сигнал беріп, адамды шошытады.Бір нәрсе болып қалды ма екен деп қарасам сосын маған неше түрлі балағат сөз айтып, жауыңдай көреді»,-деді Бүркіт.

Өнер иесі адамдарды сабырлы болуға, бір-біріне түсіністік пен құрмет көрсетуге шақырды. Оның айтуынша, мейірім мен адамгершілік қоғам үшін аса маңызды құндылықтар.

«Бір-бірімізге сәл шыдамдылық танытып, сабырлы болып, мейірімді болайық. Құрмет көрсетейік», — деп түйіндеді әнші.