«Еркін жыныстық қатынас»: Ақмола облысында адамдарды азғындыққа итермелегендер құрықталды

Министрліктің мәліметінше, Ақмола облысында бірнеше діни ұйымның заңға қайшы әрекеттері тіркелген.

Ішкі істер министрлігі Қазақстанның бірнеше өңірінде өткен «STOP-трафик» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында азаматтардың құқықтары мен еркіндіктеріне қарсы бағытталған бірқатар ауыр қылмыстардың беті ашылғанын мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Министрліктің мәліметінше, Ақмола облысында бірнеше діни ұйымның заңға қайшы әрекеттері тіркелген. Аталған топтар өздерін «рухани орталық» ретінде таныстырып, азаматтарды адамгершілік нормаларға қайшы келетін әрекеттерге итермелеген.

«Бұл топ еркін жыныстық қатынасты насихаттап, дәстүрлі отбасылық құндылықтардан бас тартуға үндейтін «рухани орталық» құрған. Тінту кезінде діни мазмұндағы әдебиеттер, түрлі атрибуттар мен ритуалдық заттар тәркіленді. Қазіргі уақытта қажетті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары басталды»,-делінген Ішкі істер министрлігінің ресми хабарламасында.

 

Бұл шара азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және адам саудасы мен экстремизмге қарсы күресті күшейту мақсатында жүзеге асырылып отыр.