Қарағанды облысында жолаушылар автобусы жүк көлігімен түйісті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
ТЖМ құтқарушылары 48 жолаушыны эвакуациялады.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, Балқаштан Алматыға бағыт алған автобус жүк көлігімен соқтығысқаннан кейін істен шыққан. Автобус жүргізушісі бірден көмекке жүгінген.
ТЖД қызметкерлері оқиға орнына жедел жетіп, техникалық ақауы бар автобустан 48 жолаушыны қауіпсіз жерге көшірді.
Эвакуацияланған адамдардың барлығы Балқаш қаласының автовокзалына жеткізілді.
Төтенше жағдайлар министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады.
«Көріну мүмкіндігі шектеулі болған кезде жылдамдықты міндетті түрде төмендету қажет», – деді ведомство өкілдері.
Қазіргі уақытта апаттың барлық мән-жайы анықталып жатыр.