Сәкен Бибосынов пен Оразбек Асылқұлов әлем чемпиондары атанды

Жарысты IBA ұйымдастырып жатыр

Қазақстан құрамасы IBA ұйымдастырған бокстан 2025 жылғы әлем чемпионатында екі алтын медаль жеңіп алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Алғашқы алтынды Қазақстанға 54 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Сәкен Бибосынов алып келді. Финалдық жекпе-жекте ол Ресей боксшысы Вячеслав Рогозинді 5:2 есебімен жеңіп, әлем чемпионы атанды. Бұл — Қазақстан құрамасының аталған чемпионаттағы алғашқы алтыны.

Осыдан кейін көп ұзамай ұлттық құраманың қоржыны тағы бір алтынмен толықты. 57 келі салмақ дәрежесінде жұдырықтасқан Оразбек Асылқұлов финалда Тәжікстан өкілі Хусравхон Рахимовпен кездесіп, айқын басымдықпен 5:0 есебімен жеңіске жетті. Осылайша Қазақстан құрамасы әлем чемпионатындағы екінші алтын медалін иеленді.