Қазақстан құрамасы IBA ұйымдастырған бокстан 2025 жылғы әлем чемпионатында үшінші алтын медалін жеңіп алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz
71 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Абылайхан Жүсіпов финалдық жекпе-жекте Ресей боксшысы Сергей Колденковты 4:1 есебімен жеңіп, әлем чемпионы атанды. Осылайша Қазақстан құрамасы аталған чемпионатта үшінші алтын жүлдеге қол жеткізді.
Осыдан бұрын Сәкен Бибосынов пен Оразбек Асылқұлов әлем чемпиондары атанды