Алматылық «Қайрат» клубының қорғаушысы Егор Сорокин УЕФА Чемпиондар лигасының статистикалық рейтингінде үздік ойыншылардың қатарына кірді, – деп хабарлайды Aikyn.kz
Squawka статистикалық порталының мәліметінше, Сорокин биылғы маусымда әуедегі жекпе-жектерде 23 рет жеңіске жетіп, турнирге қатысқан барлық ойыншылар арасындағы ең жоғары көрсеткішке қол жеткізді. Осы көрсеткіш бойынша ол Вирджил ван Дейк («Ливерпуль»), Николас Отаменди («Бенфика») және Микель Мерино («Арсенал») секілді танымал футболшыларды артта қалдырды.