Алматыдағы Алмарасан шатқалында 18 жастағы жігіт адасып кетті

Іздестіру барысында құтқарушылар жоғалып кеткен жігітті Терра алаңындағы лашықтан тапты.

Бостандық ауданында, Алмарасан шатқалында 18 жастағы жігіт таулы маршрутпен өз бетінше төмен түсе алмай, Алешкин көпірі маңында қалып қойған екен, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

ҚР ТЖМ «Барыс» РОСО жедел тобы Алматы қаласының Құтқару қызметімен бірге оқиға орнына шықты. Проходное шатқалына жеткеннен кейін іздестіру-құтқару жұмыстары күрделі таулы жағдайда жаяу жалғастырылды.

Іздестіру барысында құтқарушылар жоғалып кеткен жігітті Терра алаңындағы лашықтан тапты. Ол медициналық көмекке мұқтаж болмады. Осыдан кейін Алмарасан тұрақтарына қарай қауіпсіз түсу ұйымдастырылды.

Турист аман-есен құтқарылып, туыстарына тапсырылды.