Осыдан бірер жыл бұрын ғана белгілі әртіс, әзілкеш Нұрсұлтан Жақсыген әйелімен ажырасып, одан кейін бұл мәселе үлкен резонанс тудырған еді. Енді оның бұрынғы әйелі Фариза Сабыралиева әзілкешті сотқа берді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
«Бүгін адвокатпен кездестім. Сенімхат жасатып алды, енді процесс басталады. Маған сәттілік тілеп қойыңыздар. Барлық айтқан әр сөзіне, жала жапқанына, әке-шешеме, балаларыма, әулетіме тіл тигізгені үшін заңды түрде жауап береді», – деп жазды ол.