«Қарайып кетті...»: Ерке Есмаханнан сотуар сатып алғандар ренішін білдірді

Бұл видео жарты миллионнан астам қаралым жинап, көпшіліктің назарын аударды.

Жұлдыз Қиссат есімді желі қолданушысы парақшасында кезінде 50 мың теңгеге сатып алған сотуарының қарайғанын көрсеткен видео жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

«Күлгін алтын дегеніміз ойыншықтардың қатарында екен ғой. Кезінде Ерке Есмаханнан сотуар алғандар қаншамыз қадалып қалдық?» – деп әзіл-қалжың аралас видео жүктеген.

Бұл видео жарты миллионнан астам қаралым жинап, көпшіліктің назарын аударды. Қыз-келіншектер өз тәжірибелерін бөлісті:

«Мен де сеніп сатып алған едім, бірақ қарая бастады. Ақшамды кері талап еттім. Алғашында бергісі келмеді, кейін қайтарды. Бұйымды 12 айға бөліп төлеуге алғанмын, несиесін бүгін төледім. Ал 2900 теңгеге Қытай бижутериясын алуға болар еді», – деп жазды тұтынушылар.

Былтыр алғашқы теріс пікірлер пайда болғанда, Ерке Есмахан өндірістегі «брак» себепті бұйымдарды ауыстыруға дайын екенін айтқан болатын.