Қазгидромет 16 желтоқсандағы жалпы ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Синоптиктердің болжамы бойынша, Тәуелсіздік күні елімізде ауа райы қолайсыз болады.
Солтүстік-батыс циклонының ықпалы Қазақстанның басым бөлігінде сақталып, қар жауады деп болжанады.
Республикамыздың оңтүстігінде жауын-шашын, онда да негізінен қар жауады. Қазақстанның басым бөлігінде көктайғақ болады, боран соғады, еліміздің батысында, оңтүстік-батысында тұман түседі.
Астанада қар жауады, бұрқасын соғады, жолдарда көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан 15–20 м/с жел соғады, екпіні 25 м/с-қа дейін жетеді.
Ақмола облысында қар жауады, бұрқасын соғады, жолдарда көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан 15–20 м/с жел соғады, кей жерлерде екпіні 23–28 м/с жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысында қар жауады, бұрқасын соғады. Жел 15–20 м/с, екпіні 23–28 м/с.
Қостанай облысында қар жауады, бұрқасын соғады. Жел 15–20 м/с, екпіні 23–28 м/с.
Павлодар облысында қар жауады, жаяу бұрқасын соғады. Желдің екпіні 15–20 м/с.
Қарағанды облысының батысы, солтүстігі мен шығысында қар жауады, бұрқасын соғады. Жел 15–20 м/с, түнде екпіні 23 м/с.
Ұлытау облысының солтүстігі, шығысы және орталығында қар жауады, бұрқасын соғады. Жел 15–20 м/с.
Шығыс Қазақстан облысының түнде солтүстігі, шығысы және оңтүстігінде, күндіз батысы, солтүстігі мен шығысында қар жауады, жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстігінде тұман түседі. Жел 15–20 м/с, күндіз екпіні 23 м/с.
Абай облысында қар жауады, жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстігінде тұман түседі. Жел 15–20 м/с, күндіз екпіні 25 м/с.
Алматы облысының оңтүстігі мен таулы аудандарында көктайғақ болады, солтүстік, оңтүстік және таулы аудандарында тұман түседі. Желдің екпіні 15–20 м/с.
Алматыда түнде және таңертең тұман түседі, көктайғақ болады.
Жетісу облысының таулы аудандарында қар жауады, жаяу бұрқасын соғады, түнде және таңертең тұман түсіп, көктайғақ болады. Жел 15–20 м/с.
Жамбыл облысының таулы аудандарында күндіз қар жауады, жаяу бұрқасын соғады. Кей уақытта тұман түсіп, көктайғақ болады. Жел 15–20 м/с.
Түркістан облысының оңтүстігі мен таулы аудандарында қар жауады, жаяу бұрқасын соғады, көктайғақ болып, тұман түседі. Жел 15–20 м/с.
Шымкентте күн соңында көктайғақ болады, кей уақыттарда тұман түседі.
Қызылорда облысының солтүстігі, оңтүстігі және орталығында жаңбыр, қар жауады, көктайғақ болады. Түнде солтүстігінде бұрқасын соғады. Жел 15–20 м/с.
Ақтөбе облысының солтүстігі мен шығысында қар жауады, жаяу бұрқасын соғады. Жел 15–20 м/с.
Маңғыстау облысының батысы, солтүстік-шығысы және орталығында тұман түсіп, көктайғақ болады.
Батыс Қазақстан облысының шығысы мен солтүстік-шығысында қар жауады, жаяу бұрқасын соғады. Жел 15–20 м/с.
Атырау облысының батысы, оңтүстігі және шығысында тұман түсіп, аяз болады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.