Австрияның Хохфильцен қаласында биатлоннан әлем кубогінің екінші кезеңі өз мәресіне жетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Жарыстың соңғы күнінде Қазақстан құрамасының өкілдері ерлер арасындағы 4×7,5 шақырымдық эстафетаға қатысты.
ҚР ҰОК мәліметінше, Никита Акимов, Владислав Киреев, Әсет Дүйсенов және Кирилл Бауэрден құралған қазақстандық құрама мәреге 19-шы жетті.
Эстафетада жеңісті Норвегия құрамасы иеленді. Франция екінші орынға тұрақтаса, үздік үштікті Швеция құрамасы түйіндеді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.