Іс-шара қазақ өнерін әлемдік сахнаға алғаш танытқан әйгілі әнші Әміре Қашаубаевтың тарихи өнер көрсетуіне 100 жыл толуына арналды, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
Музыкалық кеш барысында көрермендер Әміре Қашаубаевтың өмірі мен шығармашылық жолын арқау еткен театрландырылған көріністерді тамашалап, халық әндері мен ұлы әншінің мұрасын заманауи музыкалық өңдеуде тыңдады.
«Халық қазынасы» ұлттық өнер орталығының әртістері дәстүрлі және заманауи сахна өнерін ұштастырған мазмұнды концерттік бағдарлама ұсынды. Атап айтқанда, кеште «Әміреге арнау», «Балқадиша», «Дударай», «Айнамкөз», «Мақпал», халық әндері мен күйлері орындалды.
Іс-шараға Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері, республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаттары қатысты.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.