Еліміздің басым бөлігінде қар жауып, боран соғады

Бүгінгі күнге ауа райы болжамы.

«Қазгидромет» РМК болжамына сәйкес, еліміздің басым бөлігінде қар жауып, боран соғады, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Шығыс өңірлерде — қалың қар жауады, оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарда жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын, көктайғақ және желдің күшеюі күтіледі. Астанада: кей уақытта қар жауып, жел соғып, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең жел күшейіп, екпіні 15-18 м/с-қа дейін жетеді. Алматыда: күндіз көктайғақ пен тұман күтіледі. Шымкентте: кей уақытта тұман болады. Астана қ.: 17 желтоқсанда кей уақыттарда қар, жаяу бұрқасын, жолдарда көктайғақ күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады түнде және таңертең екпіні 15-18 м/с.

Алматы қ.: 17 желтоқсанда күндіз көктайғақ, тұман күтіледі.

Шымкент қ.: 17 желтоқсанда кей уақыттарда тұман  күтіледі.

17 желтоқсанда күннің соңында Түркістан облысының таулы аудандарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында көктайғақ. Облыстың оңтүстігінде, батысында, таулы аудандарында тұман. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың тау асуларында 15-20 м/с.

17 желтоқсанда Жамбыл облысының таулы аудандарында қар, кей уақытта қатты қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Кей уақыттарда тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.

17 желтоқсанда түнде Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қар, жаяу бұрқасын, күндіз қар, жаяу бұрқасын, облыстың солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда қатты қар күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с.

17 желтоқсанда Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.     

17 желтоқсанда түнде және таңертең Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

17 желтоқсанда Маңғыстау облысының солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Облыстың солтүстік-шығысында көктайғақ сақталады.

17 желтоқсанда Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

17 желтоқсанда түнде Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында аздаған қар, жаяу бұрқасын, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстігінде тұман. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

17 желтоқсанда Ақмола облысында түнде қар, бұрқасын, күндіз облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде қар, бұрқасын күтіледі. Жолдарда көктайғақ күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

17 желтоқсанда түнде Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с.

17 желтоқсанда түнде Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қар, жаяу бұрқасын, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

17 желтоқсанда түнде Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың шығысында екпіні      15-20 м/с.

17 желтоқсанда түнде Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қар, жаяу бұрқасын, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

17 желтоқсанда түнде Абай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қар, жаяу бұрқасын, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде, орталығында қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с.

17 желтоқсанда Қызылорда облысының орталығында тұман күтіледі.

17 желтоқсанда  таңертең және күндіз Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында көктайғақ, тұман күтіледі.

17 желтоқсанда түнде және таңертең Жетісу облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында, таулы аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с.