GULDER ансамблі Малайзиядағы халықаралық фестивальда өнер көрсетті

Ансамбль дәстүрлі және заманауи хореографиялық бағыттарды үйлестірген мазмұнды концерттік бағдарламасын ұсынды.

Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының GULDER ансамблі Малайзияда өткен «ASEAN 2025» халықаралық музыкалық-мәдени фестивалі аясында сәтті өнер көрсетті, –  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ұжым «Аққу», «Асатаяқ», «Қуаныш думан», «Қарлығаш», «Дайрабай», «Қараторғай», «Тоқымқағар», «Қорқыт» хореографиялық қойылымдарын, сондай-ақ Малайзия, Моңғолия және Қытай халықтарының билерін орындады. Сахнада халықаралық байқаулардың лауреаттары мен GULDER ансамблінің жетекші әртістері өнер көрсетті.

Мәдени диалог пен халықаралық ынтымақтастықтың жарқын үлгісі болған концертті әлемнің әр түкпірінен келген 300-ден астам көрермен тамашалады. Кейінгі үш жылда ансамбль Швеция, Франция, Германия, Латвия, Қытай және Түркия елдеріндегі беделді сахналарда Қазақстан атынан өнер көрсетіп жүр.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.