Жарнама сенімді көрініп, күмән тудырмаған. Сілтеме арқылы өтіп, сайтқа тіркелгеннен кейін ер адаммен өзін компанияның "менеджерлері" ретінде таныстырған адамдар байланысқа шыққан. Психологиялық тәсілдерді пайдаланып, жоғары табыс уәде еткен алаяқтар жәбірленушіні ірі көлемде – 13 миллион теңге инвестициялауға көндірген, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Алайда пайда түспеген. Біраз уақыт өткен соң ғана ер адам мұқият ойластырылған алаяқтық сызбаның құрбаны болғанын түсінген. Уақыт созбай, жәбірленуші Талдықорған қаласының Полиция басқармасына жүгінген. Тергеуге киберқылмыстарды тергеу жөніндегі тергеу бөлімінің қызметкерлері дереу кіріскен. Жас тергеуші Азамат Жанатұлының басшылығымен қысқа мерзім ішінде ұрланған қаражатты алуға қатысы бар дропперлер анықталған.
Полицияның үйлесімді әрі жедел жұмысының нәтижесінде ұрланған барлық ақшалай қаражат заңды иесіне толық көлемде қайтарылды.
Полиция азаматтарды қырағы болуға, күмәнді инвестициялық ұсыныстарға сенбеуді және алдаудың алғашқы белгілері байқалған сәтте дереу құқық қорғау органдарына жүгіну керегін ескертеді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.