Жылдық инфляция 11 өңірде баяулады, 5 өңірде жеделдеп, 4 өңірде бұрынғы деңгейде қалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Ұлттық банктің ақпаратына сілтеме жасап.
Қарашада азық-түлік тауарларының бағасы жылдық мәнде 13,4%-ды құрады (қазанда – 13,5%). Осы топ тауарларының бағасы Ұлытау облысында (17,1%) ең жоғары, ал Алматы қаласында (11,2%) ең төмен.
Қарашаның қорытындысы бойынша, азық-түлікке жатпайтын тауарлардың бағасы жылдық мәнде 11,2% болды (қазанда – 11,0%). Ең жоғары мән Ақтөбе және Жетісу облыстарында (13,2%-дан), ең төменгі мән Батыс Қазақстан облысында (8,6%) тіркелді.
Қарашада ақылы көрсетілетін қызмет бағасының өсу қарқыны жылдық мәнде 12,3%-ға дейін баяулады (қазанда – 12,9%). Сонымен қатар Қызылорда және Маңғыстау облыстарында (9,4%-дан) жалпы республикалық деңгейден баға біршама төмендеді. Қарашада ел бойынша айлық инфляция 0,8%-ға өсті.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.