Қазақстан құрамасының семсерлесушісі Айбар Қайым Германиядағы кадеттер арасындағы әлем кубогының кезеңінде жеңімпаз атанды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Отандасымыз семсерлесудің қылыш түрі бойынша сайыста топ жарды.
Финалда Айбар Қайым Германия өкілі Джастин Льюді 15:13 есебімен жеңді.
Айта кеткен жөн, бұған дейін де спортшы әлем кубогының кезеңдерінде екі мәрте жеңіске жеткен.