IBA халықаралық бокс қауымдастығы кезекті Конгресінде маңызды шешімдер қабылдады

Қатардан шығарылғандар арасында Пәкістан, Үндістан және Сент-Винсент пен Гренадиннің ұлттық федерациялары бар.

IBA өзінің кезекті Конгресінде бірнеше маңызды шешім қабылдап, бірқатар елдің бокс федерацияларын ұйым құрамынан шығарды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Қатардан шығарылғандар арасында Пәкістан, Үндістан және Сент-Винсент пен Гренадиннің ұлттық федерациялары бар.

Сондай-ақ Конгресс барысында Нидерланд бокс федерациясының IBA-ның тұрақты мүшесі болу жөніндегі өтініші қанағаттандырылмағаны белгілі болды.

Жиын аясында Үндістандағы жаңа құрылым Indian Amateur Boxing Federation (Үндістанның әуесқой бокс федерациясы) таныстырылды. Сонымен қатар IBA боксты әлемдік деңгейде танымал етуге бағытталған жаңа бастамасы – IBA Boxing Game атты виртуалды ойын көпшілікке ұсынылды.

 

IBA президенті Умар Кремлев Конгресс кезінде 2026 жылы ұйымның ұлттық федерацияларды қолдауға, әлем чемпионаттарын және жүлде қорларын қаржыландыруға, сондай-ақ жарыстарға қатысу мүмкіндігін кеңейтуге баса назар аударатынын мәлімдеді.