Еліміздің Бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин қызметінен кетті.
«Мен тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары - бас мемлекеттік санитар дәрігердің орынбасары болып қалдым», - деді ол.Жандарбек Бекшиннің орнына кім келгені әзірге белгісіз. Ол 1958 жылы Қостанай облысында дүниеге келген. Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері болып 2019 жылдың маусымында тағайындалған.