Жас өрендердің жыр додасы

Қарағанды облысы әкімдігі мен «AMANAT» партиясының қолдауымен өткізілген «Тұлпар мініп, ту алған» облыстық байқауы өз мәресіне жетті.

«Бөгенбай батыр» жырын жатқа айтудан «Тұлпар мініп, ту алған» халықтық өнер байқауы өңір халқының біртұ­тастығын көрсетті. Жыршылық сәл көмескі тартқан­мен ел арасынан еш үзілген жоқ. Міне, сол жыршылық жанрды қайта жан­дандырып, жас жеткіншектеріміз әуелете биікке көтерді. Ұлттық кодты көзінің қарашығындай сақтап, көнеден жаңаға, бабадан балаға жалғап, мирас ете білген қазақ өнеріне өз үлесін қосқан Бөгенбай батыр жырын жатқа оқудан «Тұлпар мініп, ту алған» облыстық байқауының үшінші орынын Жанерке Өмірғалиева алды. Үшінші орын иегеріне 250 мың теңге мен жеңімпаз дипломы табысталды.  

Жас жыршыны жыр додасына дайындаған ұстаз да құрметтен құр қалған жоқ. Жұлдыз Шопанова да 250 мың теңге мен жеңімпаз дипломына ие болды. 

Облыстық байқаудан екінші орынды Инабат Сәрсенбекқызы алды. 500 мың теңге мен жеңімпаз дипломы та­бысталды. Ұстазы Арайлым Теңелді 500 мың теңге мен жеңімпаз дипломына ие болды. 

«Бөгенбай батыр» жырын жатқа айтып танылған саңлақ – бірінші орынды ­қан­жығасына байлаған Райана Әмір­хано­ва. Жеңімпазға 1 млн теңге мен дип­ломды Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Әлібек Әлденей табыстаса, жоғары оқу орнының грантын Қаз­тұ­тынуодағы Қа­рағанды университеті­нің ректоры Ер­қара Аймағамбетов ұсын­ды. Ұстазы мықтының ұстанымы мықты деген! Жас жыршының алғырлы­ғы мен жігерін байқап, осы дүбірлі додаға дайындаған – Толғанай Ерменбетова. Ұстазға 1 миллион теңге және ұлағатты істің қайнары, білімдінің айбары болған жеңімпаз ұстазға автокөліктің кілті табысталды. 

Арнайы жүлде 300 мың теңге Нұрсая Мырзағали ие болды.

Елнар ЕЛТАЙ