«Жақын арада көрісеміз деп үміттенемін...»: туған анасын іздеп жүрген Жәнібек жантебірентер жазба жариялады

Ол көпшілікті Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Бала күнінде бельгиялық отбасы асырап алған Жәнібек Жұмағұлов (Мұрат Савелиев) жазба жариялады, – деп жазды Aikyn.kz.

Ол биыл қыркүйекте елге келгісі келгенін, алайда тур бағасы қымбат әрі жиналған адам саны жеткіліксіз болғандықтан келе алмағанын айтты.

Ол көпшілікті Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

«Армысыздар, менің отбасым! 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні құтты болсын! Қалдарыңыз қалай? 2026 жыл таяп қалды! Биыл көпшілігіңіз менен қыркүйек айында Қазақстанға неге келмегенімді сұрадыңыздар. Осы жайтты сіздерге түсіндіргім келеді, бірақ ең алдымен туған жеріме не себепті барғым келгенін айтайын. Біздің отанымыз сондай әдемі — мәдениеті бай, табиғаты керемет, тарихы терең. Мен халқымыз Қазақстанды танып білуі тиіс деген ойдамын және оларға туған жеріміздің әсемдігін паш ететін саяхат ұйымдастырғым келді. Менің арманым бір топ адаммен туған жердің әдемі жерлерін танып саяхаттау және өзім үшін де оның жаңа қырларын ашу болатын. Өкінішке қарай, мен бірлесіп жұмыс істеуді жоспарлаған компания турдың (қонақүй бағасы, жол ақысы) әділ бағасын ұсына алмады, сондықтан тіркелген адам саны жеткіліксіз болды. Бұл жайт мен үшін ауырға соқты, өйткені мен үйіме оралып сіздермен қайта қауышқым келді. Дегенмен мен бұл тәжірибеден көп нәрсені үйрендім және саяхатты ұйымдастыру идеясынан әлі де бас тартпаймын. Қымбатты менің отбасым, туған жерім, сіздермен жақын арада көрісеміз деп үміттенемін», - дейді ол.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.