18 желтоқсан Қазақстанның бірқатар өңірлерінде қауіпті метеорологиялық құбылыстар: қар, боран, тұман, көктайғақ және желдің күшеюі күтілуде, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Жетісу, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарында қар, бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі.
ШҚО, Абай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Қарағанды облыстарында қар, боран, кей жерлерде тұман. Екпінді 20 м/с дейін жел күтіледі.
Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында – қар, бұрқасын, тұман.
Атырау және Маңғыстау облыстарында тұман, көктайғақ күтіледі.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.