Қазақстанда маска мен антисептик өндірушілерді сертификаттаудың жедел процедурасы өтуде.
Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов өзінің Facebook-тегі парақшасында мәлімдеді.
"Төтенше жағдай кезінде елдің барлық ресурстары COVID-19 қарсы әрекет ететін "жұмылған жұдырыққа" топтастырылды.
Елімізде қорғаныс маскалары мен антисептикалық құралдар өндірісі ашылуда.
ТЖ жағдайында жедел әрекет ету қажет болған кезде нарыққа кіру де жылдам жүзеге асырылады. Өте жедел.
Біздің Техникалық реттеу және метрология комитеті Ұлттық аккредиттеу орталығы мен Қазақстан стандарттау институтымен бірлесіп кәсіпорындар өндірісін бастап кетуі үшін қысқа мерзім ішінде ҚР СТ Қорғаныш маскалары. Техникалық талаптар ұлттық стандартын әзірледі. Қажетті сынақтар өткізіліп, 1 млн данадан астам қорғаныш маскалары сертификатталды.
Біз дезинсептиктер өндірісін жолға қойғымыз келеді.
Өйткені, дезинфекциялау және дезинсекциялау құралдары (тұрмыста және емдеу-алдын алу мекемелерінде қолдану үшін) Денсаулық сақтау министрлігінде мемлекеттік тіркеуге жатады.
Сауда министрлігі Денсаулық сақтау министрлігімен келісімге келді. Ол үшін Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы жедел тәртіппен қажетті зертханалық зерттеулер жүргізеді ("бейбіт" жағдайда тиісті 3 ай емес, бір ай ішінде). Содан кейін Денсаулық сақтау министрлігі бір күн ішінде мемлекеттік тіркеу туралы құжат беруге дайын. Иә, бір ай - бұл да қысқа мерзім екенін түсінеміз. Бірақ зерттеусіз қауіпті болуы мүмкін дезинфекциялау құралдарын қолданысқа жіберуге де құқымыз жоқ! Өз құжаттары мен үлгілерін сараптамаға СҚО-дан тұрмыстық химия өнімдерін өндіру тәжірибесі бар "Радуга" ЖШС жіберді, олар еліміз үшін күрделі жағдайда антисептиктерді дайындауға көшті.
Қазақстанның автохимия өнімдерін өндірушілер мен тұтынушылар қауымдастығы өз өндірісін елде сұранысқа ие антисептиктер мен дезинфекциялаушы құралдарды шығаруға қайта бейіндеуге дайын екендігін айтты. Олар мұқтаж адамдарға олардың өзіндік құнының бағасы бойынша, тегін жеткізуге дайын.
Мен Қазақстанда коронавирус пандемиясынан туындаған қиындықтарды сәтті еңсеру үшін топтасқан барлық кәсіпкерлерге үлкен алғысымды білдіремін.
Сондай-ақ сарапшыларға, зертханашыларға жеке алғыс. Барлық қазақстандық зертханалар штаттық режимде жұмыс істеуді жалғастыруда және сынақ пен сертификаттауды жедел ұйымдастырып өткізуге дайын. Ұлттық аккредиттеу орталығының сайтында аккредиттелген зертханалар мен сертификаттау жөніндегі органдардың тізімі мына сілтемеде берілген.
Сондай-ақ антисептикалық және дезинфекциялаушы заттарды өндіруге ниет білдірген барлық бизнесмендер санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығының Жұқпалы және паразиттік аурулардың алдын алу басқармасының басшысы Гүлвира Әділқызы Төлеушоваға мына телефон нөмірі бойынша хабарласа алады.
+7 727 375 94 38
СИМ-ге сілтемеден кейін, ол барлық қажетті құжаттар мен зертханалық зерттеулер бойынша кеңес береді", – деп жазды министр.