«Өзімнің арманымды орындайтын сәт келді»: Гүлзира Айдарбекова қуанышты жаңалығын жеткізді

Гүлзира Айдарбекова бұған командасымен жарты жыл дайындалғанын айтты.

Продюсер, әнші Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова  кәсіп ашқанын айтты, – деп жазды Aikyn.kz.

Продюсер жеке брендін қолға алғанын жеткізді. Ол ағзаны тазартатын шөп шай, витаминдер және сабын шығармақ.  

Гүлзира Айдарбекова бұған командасымен жарты жыл дайындалғанын айтты.

«Мені жақсы білесіздер, тексерілмеген өнімді ешқашан ұсынбаймын. Сондықтан өнімдерімнің сапасына күмәнданбасаңыздар болады. Осы уақытқа дейін бар уақытымды ұлдарыма, отбасыма арнадым. Енді өз арманымды орындайтын сәт келгенін түсіндім», – деп жазды әлеуметтік желідегі парақшасында.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM  арнасынан табасыз.