Қазгидромет 20 желтоқсан, сенбдегі жалпы ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Синоптиктердің болжамы бойынша, солтүстік-батыстан келген циклон және оған байланысты атмосфералық фронттық жүйелер еліміздің барлық аумағына әсер етеді.
Еліміздің басым бөлігінде қар жауып, боран соғады. Солтүстікте қалың қар жауады. Ал батыс пен оңтүстік-шығыс өңірлерде күндіз жауын-шашын, жаңбыр мен қар түседі.
Республика бойынша тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейеді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.