Мәжіліс Спикері Ерлан Қошановтың төраға­лы­ғы­мен бюро отырысы

Мәжіліс Спикері Ерлан Қошановтың төраға­лы­ғы­мен бюро отырысы өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.

Депутаттарға Жоғары ауди­тор­лық палатаның жеке кәсіп­керлік субъектілерін мем­ле­кеттік қолдау шараларының тиімділігі туралы мемлекеттік аудит есебі ұсыны­ла­ды. Аудит орталық және жергілікті мем­лекеттік органдарда, сондай-ақ ұлттық даму институттары мен олардың ведомстволық бағы­нысты ұйымдарында жүргізілді.

Екінші оқылымда Мәжіліс креативті индустрияларды қол­дау және дамыту мәселелері бойынша заң жобасын қарайды. Құжат мем­лекеттік қолдау те­тіктерін нақты­лауға, сала субъ­ек­тілерінің бірыңғай тізі­лімін құруға және жас­тардың креа­тивті жобаларын қолдауға бағытталған. 

Сондай-ақ бал ара шаруа­шы­лығы мәселелері, баламалы энер­гия көздерін дамытуға қа­тысты жаңа заң жобалары жұмысқа қа­был­данады.