Ертең Мемлекет басшысы бейресми кездесуге қатысу үшін Санкт-Петербург қаласына барады

Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 21-22 желтоқсан күндері Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы мен ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысу үшін Санкт-Петербург қаласына барады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.