«Қазавиақұтқару» тікұшағы жүкті әйелді шұғыл түрде Өскеменге жеткізді

ТЖМ ұшқыштары мен медицина қызметкерлерінің үйлесімді және жедел әрекетінің нәтижесінде жүкті әйел Өскемен қаласындағы медициналық мекемеге аман-есен жеткізілді.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Қазавиақұтқару» тікұшағы жүкті әйелге шұғыл медициналық көмек көрсету үшін «Өскемен–Самар–Өскемен» бағыты бойынша санитарлық рейс жасады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Санавиация құрамында тікұшақ ұшқыштары Руслан Ағламбеков пен Леонид Калеканов, сондай-ақ қажетті медициналық көмекті көрсеткен дәрігерлер Марат Куксегенов, Татьяна Сергеева және Рим Меңдібаева болды.

ТЖМ ұшқыштары мен медицина қызметкерлерінің үйлесімді және жедел әрекетінің нәтижесінде жүкті әйел Өскемен қаласындағы медициналық мекемеге аман-есен жеткізілді.