Германиялық инженер Михаэла Бентхаус Blue Origin компаниясының New Shepard зымыранымен ғарышқа ұшты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Омыртқадағы жарақатынан кейін аяғы сал болып қалғанына қарамастан, ол бес жолаушымен бірге 10 минуттық суборбиталық сапар жасады.
Еуропалық ғарыш агенттігінде жұмыс істейтін Бентхаус бұл арманын SpaceX-тің бұрынғы инженері Ханс Кёнигсманның көмегімен жүзеге асырды. Кёнигсман сапарды ішінара қаржыландырып, ұшу кезінде оған серік болды.
Blue Origin арнайы жабдық әзірлеп, Бентхаустың капсулаға өздігінен отыруына мүмкіндік жасады. Компания бұл ұшуды «ғарыштың баршаға ашықтығын дәлелдейтін тарихи оқиға» деп бағалады.
Бұл – Blue Origin-нің 16-шы туристік миссиясы. Бұған дейін олардың кемесімен танымал жұлдыздар да ғарышқа ұшқан болатын.