Алматыдағы кәсіпқой бокс кешінде Дулат Бекбауов өзбек қарсыласын ауыр нокаутпен жеңді

Бұл кездесудің Дулат үшін кәсіпқой бокстағы алғашқы қадамдарының бірі екенін атап өткен жөн.

Алматыда өткен кәсіпқой бокс кешінде жартылай орта салмақта өнер көрсеткен Дулат Бекбауов (1-0, 1 КО) Өзбекстан боксшысы Хасанбой Мирзахамраевты (3-5, 2 КО) үшінші раундта ауыр нокаутқа жіберіп, жарқын жеңіске жетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Бұл кездесудің Дулат үшін кәсіпқой бокстағы алғашқы қадамдарының бірі екенін атап өткен жөн. Бұған дейін ол 2023 жылғы әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанған болатын.

Алты раундқа жоспарланған жекпе-жек ұзаққа созылмады. Бекбауов қарсыласын екі рет нокдаунға түсіріп, үшінші раундта айқын басымдықпен жеңіске жетті.

Бокс кешінде өзге де қазақстандық спортшылар шаршы алаңға шықты. Ауыр салмақтағы Еділ Қожамбердиев (16-2, 16 КО) WBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағы үшін түрік боксшысы Фатих Келешпен күш сынасып, төртінші раундта нокаутпен жеңіске жетті.

Сондай-ақ, екінші жеңіл салмақта Қанат Саңғыл (8-0, 4 КО) филиппиндік Брайан Кабрильосты (7-1-1, 4 КО) төрешілер шешімімен жеңді.