«Егер адам билік пен мансапқа қарап әрекет етсе, оны құл дейді»: танымал баспагер еркіндік туралы ойын айтты

Подкаст жүргізушісі Ұ. Құрманғалиев спикерден адам өз санасының азат екенін немесе құлдықта екенін қалай ажыратуға болатынын сұрайды.

Қазақстандағы белгілі баспагер Бақытжан Бұқарбай жуырда Ұлан Құрманғалиевтің ютуб арнасында сұхбат берді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Подкаст жүргізушісі Ұ. Құрманғалиев спикерден адам өз санасының азат екенін немесе құлдықта екенін қалай ажыратуға болатынын сұраған. 

“Егер адам сыртқы нәрселерге байланатын болса, мысалы байлық, билік, мансап яғни өзіне бағынбайтын нәрселерге қарап әрекет ететін болса, оны құл дейді ғылымда. Нағыз еркіндік ол өзінің ойын, әрекетін басқарып үйренген адамда” – дейді Б. Бұқарбай. 

Сонымен қатар баспагердің пікірінше, көпшілік еркіндікті "ойыңа келгенді істеу"деп түсінетінін айтады.

“Құлдық санада жүрген адам еркіндіктен безеді. Өйткені еркіндік туралы ойы қалыптаспаған. Демократиядан адамдар шошитыны содан. Ол дегенің өз бетіңше ойыңа келгенін істеу деп түсінеді. Мәселе олай емес. Еркіндіктің маңызын білетін адам еркіндік жауапкершілікпен бірге келетінін жақсы біледі. Менің еркіндігім өзіме көбірек жауапкершілік алған сайын артады”,– деді ол.