Әмір Закиров брейкингтен әлем чемпионы атанды

Әмір Закиров Олимпиада ойындарына қатысқан болатын

Қазақстанның брейкинг құрамасының көшбасшысы Амир Закиров БАӘ-нің Дубай қаласында өткен WFADS әлем чемпионатында жеңіске жетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz 

Olimpic.kz мәліметінше, шешуші бәсекеде Әмір Закиров АҚШ өкілі Мигель Росарионы (b-boy Gravity) жеңді. Ал қола жүлде Ресей спортшысы Руслан Файзрахмановқа (b-boy Ruslan Footrockets) бұйырды.

Айта кетейік, 2024 жылы Әмір Закиров Францияның Париж қаласында өткен Олимпиада ойындарына қатысқан болатын. Қазақстандық спортшы 1/4 финалға дейін жетіп, жалпы есепте сегізінші орынды иеленді.