Сумск облысындағы Грабовское елді мекенінде ресейлік әскерге қарсы ұрыстар жалғасып жатыр. Бұл туралы Украина Қарулы күштері мәлімдеді.
Әскери мәліметке сәйкес, украиналық сарбаздар басып кірген күштерді ел аумағынан ығыстыру үшін барлық қажетті шараны қолға алған. Сонымен қатар әлеуметтік желілерде тараған көршілес Рясное ауылына қатысты қауесеттер жоққа шығарылды.
Украина біріккен күштер тобының Facebook-тағы хабарламасында Рясное елді мекенінде ресейлік әскер жоқ екені, ауыл толықтай Украина бақылауында екені айтылған.