Алматыдан шыққан азаматтар үй карантиніне алынады
Алматыдан шыққан азаматтар үй карантиніне алынады
Фото: Интернеттен алынды
175
оқылды
Алматы қаласының карантинге жабылуына және кіріп-шығудың шектелуіне байланысты Алматы облысының мегаполисте жұмыс істейтін тұрғындары мен қаладан шыққан азаматтары 14 күндік міндетті үй карантиніне алынатын болды. Алматы облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Қайрат Баймұхамбетов қол қойған қаулының талаптары облысқа оңтүстік астанадан кірген барлық азаматтарды үй карантиніне орналастыруды міндеттейді. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен әкімдік қызметкерлері телефон байланысы арқылы хабарласу жолымен оларға бақылау жасайды. Сонымен қатар карантин туралы қаулыда жүк тасымалдаудың талаптары жайла да жан-жақты айтылған. Бүгіннен бастап күшіне енген құжатта көрсетілгендей, тауарлар мен басқа да заттар герметикалық қаптамада тасымалданады және өңдеу мен фумигациядан өткізіледі. Герметикалық қаптамасы жоқ жүктерді тасымалдауға қатаң тыйым салынған. Болат Абаған, Алматы облысы.