Олардың мәлімдеуінше, зерттеу нәтижелері 2025 жылғы елдің басты тұлғаларына, мәдени жетістіктеріне және аяқталып жатқан жылдың негізгі ассоциацияларына арналады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты Ұлттық талдау орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2025 жылдың басты тұлғалары
«Жыл адамы» деп кімді санайсыз? деген сұраққа жауап берген азаматтардың арасында Қасым-Жомарт Тоқаев көш бастады. Бұл Президенттің ел өміріндегі негізгі тұлға ретіндегі рөлінің мойындалуын көрсетеді. Одан кейін төмендегі тұлғалар аталды:
● «Қайрат» футбол клубының ойыншылары,
● Геннадий Головкин,
● Димаш Құдайберген,
● Улдана Мырзуан (фельдшер),
● Мұса Әбдірайым (Алматы әуежайында кепілге алынған әйелді құтқарған).
2025 жылғы мәдени трендтер
2025 жылы отандық кино көрермендер назарын тартуды жалғастырып келеді. Жылдың ең үздік қазақстандық фильмдерінің қатарына отбасы, әділеттілік, ішкі күш пен әлеуметтік жауапкершілік тақырыптарын қозғайтын туындылар еніп, үздік фильмдер қатарында «Ауру», «Ыстық ұя», «Патруль. Соңғы бұйрық», «Офсайд» аталды.
Қазақстанды әлемдік деңгейде танытып жүрген Димаш Құдайберген қазақстандық ең үздік орындаушылар рейтингісін бастады. Ал үздік орындаушылар қатарында жиі аталғаны – Димаш Құдайберген мен Қайрат Нұртас.
Тізімге жаңа музыкалық толқын өкілдері – Sadraddin, ALEM, «Ирина Кайратовна» тобы, Yenlik, Александр Лим, Raim, Молданазар, NINETY ONE, сондай-ақ кеңінен танылған орындаушылар – Мейрамбек Беспаев, Роза Рымбаева, Мақпал Жүнісова және басқалар енді. Музыкалық талғамдар дәстүр мен жаңашылдықтың үйлесімін көрсетеді: этно-поптан бастап заманауи қалалық мәдениетке дейін.
Бір айта кетерлігі, Apple Music платформасындағы Top-100: Kazakhstan чартында қазақстандық орындаушылар жоғары орындарды иеленуде: ALEM-нің Kuiim композициясы 3-орында тұрса, Yenlik-тің «16 Qyz әні әлемдік әртістермен қатар 10-орынға жайғасқан.
Жыл сөздері: даму, цифрландыру, ЖИ
2025 жылы Қазақстан үшін негізгі мәнді білдіретін сөздер мен тіркестер туралы сұраққа жауап бергенде, көпшілігі позитивті ассоциацияларды таңдады. Қазақстан үшін жыл сөздері ретінде мыналар таңдалды:
Даму,
Цифрландыру,
Жасанды интеллект,
Табысты,
Жаңару,
Бірлік.
Көптеген басқа сипаттамалар да позитивті болды: Жақсару, Тұрақтылық, Сенім, Бейбітшілік, Сенімділік, Әділеттілік. Сондықтан 2025 жылды ең алдымен жаңару, өсу және технологиялық прогреспен байланысты.
Қазақстандықтар Жаңа жылды қалай қарсы алады?
Қазақстандықтардың басым көпшілігі – 89%-ы дәстүрлі түрде Жаңа жылды үйде, отбасылық ортада қарсы алуды жоспарлап отыр. Бұл – қазақстандықтардың отбасы құндылықтарына берік екенін және Жаңа жылды отбасының дастарқаны төңірегінде қарсы алу дәстүрін сақтайтынын көрсетеді.
2025 жыл еліміз үшін жеке де, қоғамдық та жеңістерге толы болды. Спорттағы жоғары жетістіктерден бастап мәдени және әлеуметтік бастамаларға дейін қазақстандықтар табысты жылдың символына айналған. Президентке, спорт жұлдыздарына және мәдениет қайраткерлеріне көрсетілген құрмет 2025 жылы Қазақстанның түрлі салаларда алға жылжығанын айқын дәлелдейді. Келесі жыл еліміз үшін мақтанышқа толы болғай.