Түнде Алматыда жер сілкінді

Желтоқсан айының өзінде жер сілкінісі 2-3 рет қайталанған.

22 желтоқсанға қараған түні Алматыда жер сілкінді, – деп хабарлайды Aikyn kz.

ҰЯО геофизикалық зерттеулер институтының қазақстандық деректер орталығының ақпараты бойынша, жерасты дүмпуі 22 желтоқсанда Астана уақытымен сағат 02:16-да тіркелді.  Жер сілкінісінің эпицентрі Қытай аумағында тіркелген.

Эпицентрдің координаттары: солтүстік ендіктің 41,23 градусы, шығыс бойлықтың 78,87 градусы. Магнитудасы — mb=5,0. Энергетикалық класы — K=11,5.

Жер сілкінісі Алматыда 2 балл деңгейінде сезілді.

Бұған дейін де желтоқсан айында Қытайда екі рет жер сілкінісі болған. Ал оның дүмпуі еліміздің Алматы қаласында сезілгені белгілі. Естеріңізде болса, 4 желтоқсанда Қытайда 6,1 балдық жер сілкінісі болған. Сол дүмпуі еліміздің Алматы, Алматы облысы, Жамбыл облысы, Жетісу облыстарында сезілді.