"Жалған мәліметтерді жариялаймын": қызылордалық тұрғынды бопсалаған күдікті анықталды

Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қызылорда облысында күдікті әлеуметтік желіде жәбірленушінің қызметі туралы жалған мәліметтерді жариялаймын деп қорқытып, одан аса ірі мөлшерде қаражат бопсалаған,  деп хабарлайды Аikyn.kz .

Күдікті әлеуметтік желіде жәбірленушінің қызметі туралы жалған мәліметтерді жариялаймын деп қорқытып, одан аса ірі мөлшерде қаражат бопсалаған.

Қазір аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.

Айта кету керек, Қазақстан Республикасының заңнамасында бопсалау қылмысы үшін қатаң қылмыстық жауапкершілік көзделген. Қылмыстың мән-жайына байланысты кінәлі тұлғаларға айыппұл салу, бас бостандығын шектеу немесе мүлкін тәркілей отырып, 7 жылдан 15  жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.