Әнші Қайрат Нұртас пен Сырым Исабаев араға біраз уақыт салып жүздесті, – деп жазды Aikyn.kz.
Екі әнші кездескен сәттегі бейнежазбаны Заттыбек Көпбосынұлы өзінің желідегі парақшасында жариялады.
Бейнежазбада олардың бір-бірімен қуана көрісіп, амандасып жатқаны байқалады. Бұл көрініс желі қолданушыларын сүйсінтті.
«Екеуінен дуэт күтесіздер ме?» - деп жазды Заттыбек Көпбосынұлы видеоға.
Желі қолданушылары екі әншіден жаңа ән күтетінін жарыса жазып жатыр.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.