World Boxing халықаралық федерациясы «Жылдың үздік боксшысы» атағына үміткерлерді жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
ҚР ҰОК мәліметінше, үміткерлер тізіміне Қазақстан ұлттық құрамасының екі боксшысы енді.
Ерлер арасында биыл әлем чемпионатында жеңіске жетіп, Астанада өткен әлем кубогінің кезеңінде топ жарған Махмұд Сабырхан номинацияға ұсынылды.
Ал әйелдер арасында Наталья Богданова үміткер атанып отыр. 2025 жылы ол әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды.
Айта кетейік, әр номинация бойынша бес боксшыдан ұсынылған. Дауыс беру 26 желтоқсанға дейін жалғасады және Instagram желісінде жанкүйерлер арасында «1 лүпіл = 1 дауыс» ережесімен өткізіледі.
Осы сілтеме арқылы дауыс беруге болады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.